Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі17 сәуір 2025олимпиада

СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІ СЫНАЛҒАН ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

Сәуірдің 17 жұлдызында Шәкәрім университетінде Физика және химия ғылымдары зерттеу мектебінің“Техникалық физика және жылуэнергетика” кафедрасының ұйымдастыруымен «Жылуэнергетикасы» білім бағдарламасы бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті.
 
 
Студенттердің теориялық білімін тереңдету, практикалық дағдыларын дамытуды мақсат еткен білім бәйгесіне Қазақстанның әр түкпірінен келген жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
 
 
Студенттер білімі жекелей және командалық есепте бағаланып, үздік шыққан қатысушылар мен командалар арнайы дипломдармен марапатталды.
 
 
Сонымен, жеке есеп бойынша I орынды Жасұлан Данибеков (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) жеңіп алса, II орынға Абылайхан Байтеков (Торайғыров университеті) пен Никита Нургалиев (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) лайық деп танылды. III орынды Данил Сорока (Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті), Нұрасыл Төлембай (Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) және Мұхамет Надиров (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) еншіледі.
 
 
Командалық есеп бойынша I орынға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (Жасұлан Данибеков, Никита Нургалиев, Мухамет Надиров), II орынға — Торайғыров университеті (Абылайхан Байтеков, Илья Кондратович, Владимир Ромась), III орынға Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (Арина Потапова, Алмат Мұхамедрахим) ие болды.