Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі21 сәуір 2025ғылым

ҒЫЛЫМҒА ҚҰШТАР ЖАС ҒАЛЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРДА

15-17 сәуір аралығында Шәкәрім университетінің жас ғалымы, биотехнология кафедрасының Science профессоры, доктор Гүлжамал Мукиянова Қытайдың Янлинг қаласында өткен «Silk Road Seminar on Sustainable Crop Production, Northwest A&F University, 2025» бірегей ғылыми-практикалық семинарына қатысты. Семинардың мақсаты мен жұмысы ғылыми орталықтар арасындағы ғылыми байланыстарды нығайту, сондай-ақ,     құнды әрі әлеуметтік-экономикалық маңызы жоғары картоп және  ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруді дамытуға арналды.

 

 

Конференция жұмысына Қытайдың  Солтүстік-Батыс A&F университетінің, Анькан университетінің (AKU, Шаньси провинциясы) доктор Chenyao Zhou бастаған көрнекті ғалымдары мен делегаттары және Қазақстанның ірі аграрлық облыстарының оқу орындары: Байтұрсынов университеті, Қозыбаев университеті және С.Сейфулин атындағы Қазақ аграрлық университеті ғалымдары, сондай-ақ,   Қытай мен Қазақстанның агробизнес өкілдері қатысты.

          

 

Семинарда Гүлжамал Мукиянова «Өсімдік вирустарын диагностикалаудағы соңғы жетістіктер және Қазақстандағы өсімдік патогендерімен байланысты қауіптер» тақырыбында пленарлық баяндама  оқыды.

          

 

  Конференция аясында Қытай мен Қазақстан арасындағы картоп өсіру және ауыл шаруашылығы ғылымы мен агробизнесті нығайту саласындағы болашақ ғылыми байланыстар мен перспективаларды және осы саладағы білім мен технологияларды трансферттеу мүмкіндіктерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

           

 

Солтүстік-Батыс A&F университетінің ғалымдары  Гүлжамал Мукиянованың дәнді дақылдардың вирусологиясы, алма дақылдарының фитопатологиясы саласындағы ғылыми еңбектерін жоғары бағалап, алма ауруларын молекулалық биохимиялық деңгейде бірлесіп зерттеуге ниет білдірді.

            Конференцияға қатысушылар  Солтүстік-Батыс A&F университетінің факультеттері, зертханалары, биотехнологиялық орталығы және Smart Agriculture платформасымен танысты.

           

 

«Бұл кездесу жеке өзім үшін Мұхтар Әуезов даналығының айнасы болды: "Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім»- дейді Гүлжамал Слямғазықызы.

 

 

 NWAFU проректоры, профессор Вэйсин Шаньға   Shakarim University-мен тұрақты және іргелі ғылыми байланыстар орнатқаны үшін  және кнференция  ұйымдастырушылары Мисс Сун Хуэйге (Солтүстік-Батыс A&F университетінің халықаралық ынтымақтастық және қызмет көрсету колледжінің орталығы),  жас ғалым доктор Юлинг Мэнге (Агрономия колледжі) және доктор Йинпенг Сиге (Бау-бақша колледжі, NWAFU)  алғысымызды білдіреміз.

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы