14 сәуір 2025

«Білім беру – стресс емес, шабыт!» атты психологиялық тренинг

🎓 Shakarim University психологиялық қолдау қызметі Білім берудің жоғары мектебі мен Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебінің жас оқытушыларына  «Білім беру – стресс емес, шабыт!» атты психологиялық тренинг ұйымдастырды.

🌿 Тренингте кәсіби күйіп кетудің алдын алу, жанжалдарды басқару, стрессті жеңу және студенттермен шабытқа толы қарым-қатынас орнату жолдары қарастырылды.

✨ «Мен – өз кафедрамның мақтанышымын!»
✨ «Суретті сөйлет – студентті түсін!»
✨ «Жұмсақ жүрек» ресурстық шеңбер
✨ «Болашаққа үндеу» видеожолдау

📹 Қатысушылар шынайы шабытпен бейнеүндеулер жазып, оларды болашақ әріптестеріне мотивациялық сыйлық ретінде ұсынды.

🧠 "Түсінілген студент – шабыттанған студент!"
💬 "Болашақ – біздің қолымызда!"

📌Тренингті  Shakarim University Психологиялық қолдау қызметінің жетекшісі, профессор Ш. Сатиева өткізді