📚Шәкәрім жоғары колледжінің кітапханасында “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасын іске асыру аясында “Әдеби кейіпкерлер мен бірге саяхаттаймыз” атты дәстүрлі кітап көрмесі ұйымдастырылды.
📖Дәстүрлі кітап көрмесінің мақсаты — қазақ әдебиетінің классиктері Шәкәрім, Абай және Мұхтар Әуезовтің шығармашылығын кеңінен таныту, олардың өмірі мен еңбектерін насихаттау. Сонымен қатар, бұл көрме оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетінің тарихы мен мәдени мұрасына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, білім алушыларды ұлы тұлғалардың шығармалары арқылы рухани жетілдіруге ынталандыру болып табылады.

